“Алғысты біткен соң айтарсыз”. Нүкенованың ағасы айыпталушыларға қатысты пікір білдірді

4 Мамыр 2024, 15:45
1227
Бөлісу:
“Алғысты біткен соң айтарсыз”. Нүкенованың ағасы айыпталушыларға қатысты пікір білдірді
Фото: Жоғарғы сот

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді айыпталушының анасы мен адвокаттарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сөйлеген сөзінің арсыздығы таңғалдырады, осы уақыт ішінде Салтанаттың абыройына тіл тигізіп, оның үстіне бізге алғыс айтып қояды. Алғыс айтудың керегі жоқ, соттан кейін айта жатар, - деді Амангелді.

Ол Байжановтың әйелі орыс тілін жақсы білетінін айтады.

Орыс тілінде көп жарияланымдар жасады, менімен орыс тілінде сөйлесті, мұнда ол қазақ тілінде әдемі сөйлеп, қызы барын,  балалары әкесін көрмегенін айтады. Менің ата-анам да қызын енді ешқашан көре алмайды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы