Әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратумен айналысқан арна анықталды

18 Сәуір 2025, 15:47
358
Бөлісу:
Әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратумен айналысқан арна анықталды
VIDEO
Фото: Polisia.kz

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті Прокуратураның үйлестіруімен әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратумен айналысқан арнаны анықтап, оның қызметін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күдіктілер 2024 жылдың мамырынан бастап "Thс Seller" атауымен Telegram-арнасында интернет-дүкен ұйымдастырып, есірткі заттарын сатқан. Төлемдер қолма-қол ақша және криптовалюта арқылы қабылданған.

Тінту барысында 30 келіден астам марихуана мен гашиш, ұялы телефондар және 5 банк картасы тәркіленді.

Анықталғандай, интернет-дүкеннің 2 мыңнан астам тұтынушысы болған, және 100 миллион теңгеден астам сомаға 5 мыңнан астам есірткі саудасы жүргізілген.

Қылмыстық жолмен келген табысты жасыру мақсатында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы дроптарды – яғни жалған тұлғаларды – тартқан. Бұл тұлғалар атына банк карталары рәсімделіп, сол карталар арқылы ірі көлемдегі ақшалай қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған, - делінген хабарламада.

Есірткі тасымалы үшін күдіктілер қылмыстық табыстың есебінен 2 автокөлік пен мотоцикл сатып алып, оларды сенімді адамдардың атына тіркеген.

Сот санкциясымен бұл көлік құралдарына тыйым салынды.

Күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы