Әлеуметтік желіде айтылған кез келген сөз жастар арасында араздық тудыруы мүмкін – Тоқаев

14 Қазан 2022, 16:48
1352
Бөлісу:
Әлеуметтік желіде айтылған кез келген сөз жастар арасында араздық тудыруы мүмкін – Тоқаев

Әлеуметтік желілердің қарқынды дамуы кезінде орынсыз айтылған әрбір сөз қауіпті. Астанада өтіп жатқан Орталық Азия-Ресей саммитінде  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлім етті,  деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі әлемде ақпараттық кеңістіктегі келеңсіз жайттардың алдын алу жөніндегі өзара іс-әрекеттердің маңыздылығы артып келеді. Цифрлық технологиялардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қарқынды дамуы жағдайында орынсыз айтылған кез келген сөз, әсіресе жастар арасында өшпенділік пен этносаралық араздық туғызуы мүмкін. Соның салдарынан қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған көпжылғы күш-жігер зая кетеді.

Президенттің мәлімдеуінше, дау-жанжал мен дүрбелеңді болдырмау үшін салалық ведомстволарымыз бен қоғамдық ұйымдарымыз тығыз ынтымақтастық орнатып, түсіндіру жұмыстарын барынша белсенді жүргізуге тиіс.

Көп нәрсе біздің мемлекет қайраткерлеріміздің саяси жауапкершілігіне де байланысты. Өкінішке қарай, кейбір елдерде серіктес мемлекеттер басшыларына қатысты арандатушылық сипаттағы сөздер айтылып жүр. Мұндай жағдай ашу-ыза туғызатыны заңдылық және деструктивті күштер үшін ұтымды болмақ, – деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы