Әлеуметтік сақтандыру қорына 2015 жылдан бері 4 трлн теңге қаражат түсті

29 Шілде 2022, 12:55
1076
Бөлісу:
Әлеуметтік сақтандыру қорына 2015 жылдан бері 4 трлн теңге қаражат түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру» қорының бас директоры Нұрсұлу Кемел мәлімдеді. 

2015 жылдан бері Әлеуметтік сақтандыру қорына 4 трлн теңге шамасында қаражат тұскен. Бұл – ай сайын жұмыс берушілер қорға жіберген әлеуметтік төлемдер. Аталған қаражатты ай сайын әлеуметтік төлем алушыларға бөлеміз. Биыл 2,6 трлн теңге әлеуметтік төлемдерді жабуға жұмсалды. Былтырғы жылға қатысты айтар болсақ, 339 млрд теңге әлеуметтік төлем ретінде төленді. Ал қорға барлығы 353 млрд теңге түсті, - деп атап өтті қор басшысы. 

Айтуынша, жинақталған активтер, яғни 4 трлн теңгеден қалған қаражат бар. 

Біз оларға тиіспейміз. Себебі әлеуметтік төлемдер ұзақмерзімді қолдау шарасы болып саналады. Жинақталған активтер әрі қарайғы әлеуметтік төлемдерге арналған. Әлеуметтік сақтандыру жүйесі 6 млн жұмыс істейтін халықты қамтиды. Жылына 1 млн-нан астам адамға бес әлеуметтік тәуекел түрі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындалады, - деді Нұрсұлу Кемел. 

Өзгелердің жаңалығы