Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерге қойылатын талаптарды күшейтілмек

1 Сәуір 2024, 19:27
377
Бөлісу:
Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерге қойылатын талаптарды күшейтілмек
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Мүгедектігі бар адамдардың мүдделерін қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметтер порталында орналастырылатын техникалық құралдарды және оңалту қызметтерін берушілерге қойылатын талаптарды күшейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тиісті бұйрықтарға өзгерістер жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Атап айтқанда, қызметтерді алушыға тауарды уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету үшін бұйрық жобасында жеткізушінің Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өткізілетін тауарды жеткізу үшін курьерлік қызметке 3 жұмыс күні ішінде беру мерзімін белгілеу көзделеді.

Әлеуметтік қызметтер порталында Техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес келмейтін тауарлардың және/немесе көрсетілетін қызметтердің өткізілуін болдырмау мақсатында Әлеуметтік қызметтер порталында қосымша шарттарды, акцияларды, тауарларды және ақшалай сыйақыларды орналастыру бойынша шектеулер көзделген.

Мүгедектігі бар адамдардың Әлеуметтік қызметтер порталында қажетті ОТҚ таңдауына ыңғайлы болу үшін өнім беруші тауарды қайта орналастыра алмайды.

Бұдан басқа, қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бұйрық жобасында мүгедектігі бар адамның санаторийлік-курорттық ұйымға келген күнін белгілеу тетігі қарастырылған.

Жобаны қабылдау мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін болады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» және «Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 285 бұйрығының жобасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14998667

Өзгелердің жаңалығы