Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры пациенттерден 5,5 мыңнан астам шағым қабылдады

8 Сәуір 2022, 13:33
2278
Бөлісу:
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры пациенттерден 5,5 мыңнан астам шағым қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың 1-тоқсанында әртүрлі байланыс арналары арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 208,5 мың өтініш келіп түсті, оның 5,5 мыңнан астамы – медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне байланысты шағымдар.

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» елордалық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Былтырмен салыстырғанда, 2022 жылы шағымдар шамамен 2 есеге көп түсуде.  

Талдау көрсеткендей, ең сұранысы жоғары байланыс тәсілі - 1406 байланыс орталығы – өтініштердің 83%-ы осы қысқа нөмір арқылы түскен. Екінші орында – Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы.

Қорға көбінесе Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, Ақтөбе, Ақмола облыстары мен Шымкент қалаларының тұрғындары жүгінеді. Өтініштердің негізгі бөлігі консультативтік сипатта болады. Өтініш берушілер көбіне жарналар мен аударымдарды қалай төлеу керектігін, МӘМС бойынша медициналық көмекті алу үшін қандай кезеңдерде төлем жүргізу керектігін сұрайды, – дейді Қордың заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жасау департаментінің директоры Забира Оразалиева.

2022 жылдың І тоқсанында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша CRM-жүйесіне (CRM – Customer Relationship Management – аудармасы: «Клиенттермен қарым-қатынасты басқару) 1891 өтініш түсті.  

Олардың ішінде CRM 1-желісі арқылы түскен 829 өтініштің 764-і «жұмыс істемейтін жүкті әйелдер» және «орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар» санатындағы жеңілдігі бар азаматтардан уақытша мәртебе беру туралы түскен өтінімдер. Бұдан басқа «ШОБ үшін сақтандыру мәртебесін түзетуге» 65 өтінім түсіп, өңделді.

CRM жүйесінің 2-желісіне (жауапты орындаушы) түскен өтініштер саны - 1062: оның 944-і – шағым, 118-і – алғыс білдірген.

Айта кеткен жөн, 2021 жылмен салыстырғанда, 2022 жылы шағымдар шамамен 2 есеге көп түсуде, - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Бірінші тоқсанда 5,5 мың шағым түскен. Пациенттер медициналық көмектің сапасыз көрсетілуіне немесе одан бас тартылуына, консультациялық-диагностикалық қызметтерді ұзақ күтуіне, тар бейінді мамандарға жазбаның болмауына шағымданған.

Шағымдардың негізгі себептері – тағайындалған еммен, қойылған диагнозбен келіспеу, дәрігердің медициналық қызметтерге жолдама беруден бас тартуы, бейінді дәрігердің консультациясын немесе диагностикалық тексеруді күту, өңірде қажетті мамандардың болмауы. Қор әр шағым бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізуде. Біз пациенттерді өз құқықтарын білуге және құқықтары бұзылса, жағдайды сол жерде шешу үшін алдымен медициналық ұйымның өзінде Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне жүгінуге шақырамыз. Бұл қызметтер барлық емханалар мен ауруханаларда бар. Егер мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса, Қорға жүгіну қажет, – деді   Забира Оразалиева.

Өтініштерді талдау қорытындылары бойынша пациенттердің құқықтарын бұзу жағдайларын болдырмау немесе алдын алу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры клиникалармен қажетті жұмыстарының бағыттарын анықтайды. Сол үшін Қор апта сайын семинарлар ұйымдастырады, медицина қызметкерлерін оқыту бағдарламаларын түзетеді, тестілеу өткізеді, қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар береді.

Медициналық ұйымдарда қызмет көрсету сапасын жақсарту және медициналық қызметкерлер мен тіркеу, анықтама қызметтерінің МӘМС жүйесінің жұмысы және медициналық қызметтер туралы білімдерін тексеру үшін Қор тұрақты түрде «Жасырын пациент» акциясын өткізеді. 2022 жылдың 1 тоқсанында Қордың 650 жеткізуші – медициналық ұйымдарының анықтама, тіркеу және call-орталықтарына қоңырау шалынды. Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласының медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсету бойынша ең жақсы білімдерін көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы