Әлеуметтік кәсіпкерлік саласы айтарлықтай дамып келеді – Әшімбаев

10 Наурыз 2021, 17:54
1622
Бөлісу:
Әлеуметтік кәсіпкерлік саласы айтарлықтай дамып келеді – Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда елімізде әлеуметтік кәсіпкерлік саласы айтарлықтай дамып келеді. Көптеген жоба қолға алынып, тың бастамалар іске асырылып жатыр, деп жазды Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында.

Соған орай бүгін әлеуметтік кәсіпкерлермен арнайы кездесіп, әлеуметтік жобалармен және осы бағытта кадр даярлау мәселесімен таныстық. Жалпы, бұл салада мемлекет тарапынан ауқымды жұмыс істеліп жатқаны белгілі. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға арналған бағдарламалар мен оларды жұмыспен қамтуға қатысты жеңілдіктер де бар. Бірақ оның бәрі мәселені тиісті деңгейде шешуге жеткіліксіз. Осы ретте әлеуметтік кәсіпкерліктің берері мол. Өйткені, бұл – маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу жолында мемлекеттің, азаматтық сектордың және кәсіпкерлердің ресурстарын ортақ мақсатқа жұмылдыратын сала, - деп жазды ол.
Әлеуметтік кәсіпкерлік саласы айтарлықтай дамып келеді – Әшімбаев

Сонымен қатар әлеуметтік кәсіпкерліктің қоғамның азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға тигізетін ықпалы зор.

Себебі, бұл сала табыс таба отырып, аз қамтылған, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді дәріптейді.

Сондықтан әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, оны қолдауға Мемлекет басшысы баса мән беріп отыр.

Аталған сала Сенаттың да басты назарында. Президентіміздің тапсырмасына сәйкес Парламент депутаттары Үкіметпен және тиісті министрліктермен бірлесіп, арнайы заң жобасын дайындады. Жұмыс барысында әлеуметтік кәсіпкерлер мен сарапшылардың пікірлері ескерілгенін айта кеткен жөн. Құжат осы наурыз айында Сенатта көпшілікке таныстырылып, кейін Мәжілістің қарауына жіберіледі, - деп жазды Сенат төрағасы.
Әлеуметтік кәсіпкерлік саласы айтарлықтай дамып келеді – Әшімбаев

Заң жобасында екі маңызды мәселенің шешімі қарастырылған. Алдымен, әлеуметтік кәсіпкерлікке нақты анықтама беріледі. Әлеуметтік кәсіпкерлер деген кім, олардың міндеті қандай болу керек деген сұрақтардың бәріне заң жобасында жауап жазылады.

Әлеуметтік кәсіпкерлік саласы айтарлықтай дамып келеді – Әшімбаев

Сондай-ақ, құжатта әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған қолдаудың тетіктері көрсетіледі. Нақты айтқанда, салық төлеуде жеңілдіктер қарастыру, мемлекет тарапынан инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, осы саланың қыр-сырын үйрететін тренингтер ұйымдастыру сияқты бірқатар қолдау шаралары ұсынылып отыр. Алдағы уақытта заң қабылданып, еліміз әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың жаңа деңгейіне көтеріледі деп сенеміз. Осы ретте әлеуметтік кәсіпкерліктің аясы өте кең екенін ерекше атап өткім келеді. Бұл салада білім беру, қоршаған ортаны қорғау, балаларды дамыту сияқты түрлі бағыттар бойынша жұмыс істеуге болады. Бүгін біз барған, әлеуметтік кәсіпкер Эмин Аскеровтің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Әлеуметтік инновациялар хабының» осы үрдіске басымдық бергені қуантады. Сонымен бірге «Астана» халықаралық университеті қолға алған осы салаға кадр даярлау жұмысы да құптарлық іс. Сондықтан осы салада еңбек етіп жүрген азаматтарға ризашылығымызды білдіріп, жұмыстарына табыс тілейміз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы