«Әлемнің жасыл қалаларына» қай елді мекендер кіреді?

1 Сәуір 2021, 21:53
1971
Бөлісу:
«Әлемнің жасыл қалаларына» қай елді мекендер кіреді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Ұлттар ұйымының ағаш отырғызу, азық-түліктік және ауылшаруашылық қоры (ФАО) осы аптада «Әлемнің жасыл қалалары» бағдарламасы аясында лайық деп танылған қалалар тізімін жария етті. 

Бұл халықаралық бастама 2019 жылы басталды. Бұл кезде 17 мемлекеттің 68 қаласы орман шаруашылығы саласындағы жетістіктері үшін жоғары бағаға ие болды. Кейіннен бағдарлама одан әрі дами түсті. Қазір әлемнің түкпір-түкпірінен оған қатысатын елдер мен қалалар саны көбейді.

2020 жылы 23 елдің 120 қаласы осынау халықаралық мәртебеге ие болды. Оның ішінде Торонто (Канада), Нью-Йорк (АҚШ), ), Гвадалахару (Мексика), Бирмингем (Ұлыбритания), Кампо-Гранде (Бразилия), Хайдарабад (Үндістан) және Кампалу (Уганда) бар.

Бағдарлама аясында әлем мойындаған елді мекендер тізімін мына сілтеме арқылы көруге болады. 

Осы қалалардың әрбірі қаланы жасылдандыру және орман шаруашылығын дамытуда үздік нәтижелер көрсеткен. Қалаларды бағалау кезінде қалалық ормандарды популяризациялау және орман шаруашылығы басқармасына 5 квалификациялық талап қойылды.

Биыл бағдарлама аясында лайықты деп танылған қалалар қалалық орман шаруашылығын одан да жоғары деңгейге жеткізу үшін өзара озық тәжірибелерімен алмасу мүмкіндігіне ие бола отырып, әлем бойынша дамыған желінің бір бөлігіне айналады.

Биыл «Жасыл қалалар» атағын алған қалаларды құттықтау біз үшін үлкен мәртебе. Олар қалаларда жасыл желекті дамыту ісінде үлкен бастама көтеріп жүр. Ағаштардың қалаларға беретін игіліктері туралы айтып жеткізе алмайсың. Соның арқасында осындай атаққа ие болған қалалардың басым бөлігі елді мекендердегі тұрақты болашақты қамтамасыз ету үшін керемет инвестиция салып отыр. Бұл қалалардың жетістіктерін мойындай отырып, олардың жауапкершілігі мен алдарына қойған мақсаттарын ескеріп, лайықты бағасын бердік, - деді Қор президенті Дэн Ламб.

Өзгелердің жаңалығы