Әлемнің ең мықты жас биологының есімі Қазақстанның астанасында жарияланады

15 Мамыр 2024, 14:11
277
Бөлісу:
Әлемнің ең мықты жас биологының есімі Қазақстанның астанасында жарияланады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Әлемнің ең мықты жас биологының есімі Қазақстанның астанасында жарияланады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанда биология пәнінен халықаралық IBO-2024 олимпиадасына дайындық жүріп жатыр. Олимпиадаға әлемнің 81 елінен 300-ден астам оқушы және 500-ден астам ғылыми жетекші мен қонақтар келеді деп күтілуде.

IBO-2024 биылғы жылдың 7-14 шілдесі аралығында Назарбаев университеті базасында теориялық және 4 практикалық тур (биохимия, молекулалық биология, биоинформатика, жануарлар анатомиясы және физиологиясы) бойынша өткізіледі.

Қазақстандық жас ғалымдар мен өткен халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарынан тұратын IBO-2024 ғылыми комитеті практикалық және теориялық турларға тапсырмалар әзірлеп, осы жылдың наурыз айында стресс-тест жүргізді.

Биологиядан халықаралық олимпиаданы жоғары деңгейде өткізу мақсатында Қзақстан Республикасы Үкіметінің бірлескен қаулысы қабылданды. Әлемнің 81 елінен келген оқушылар елорданың мәдени орындарын аралайды және Қазақстанның інжу-маржаны – Бурабайға барады. Сондай-ақ команда жетекшілері кәсіби тәжірибе алмасуға, олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізуге арналған семинарлар мен конференцияларға қатыса алады, - дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Өзгелердің жаңалығы