Әлемдік рейтинг: 3 қазақстандық дзюдошы топ-10 қатарынан көрінді

28 Желтоқсан 2021, 21:44
1614
Бөлісу:
Әлемдік рейтинг: 3 қазақстандық дзюдошы топ-10 қатарынан көрінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жылдың қорытынды рейтингін жариялады. Olympic.kz қазақстандық дзюдошылардың көрсеткішін назарларыңызға ұсынады. 

60 келіге дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев пен Елдос Сметов алғашқы ондыққа енді. Олар тиісінше 9,10-шы орындарды иеленген. 

66 келідегі Елдос Жұмаханов 19-шы, Ерлан Серікжанов 22-ші сатыда. 

73 келідегі Жансай Смағұлов әлемдік рейтингте 8-ші орында тұр. 

81 келіде Дидар Хамза 32-ші сатыға тұрақтаса, 90 келіге дейінгі салмақта Ислам Бозбаев 18-ші орынға табан тіреді. 

Аса ауыр салмақта Ерасыл Қажыбаев 33-ші орыннн көрінді.

Келесі маусымда Сметов пе Қырғызбаев 66 келіге, Серікжанов 73 келіге ауысады. 

Ал Елдос Жұмаханов спорттағы мансабын аяқтады. 

 

Өзгелердің жаңалығы