Әлемді түйемен аралап шығуды жоспарлаған саяхатшы қыз қайтыс болды

24 Мамыр 2021, 10:45
16518
Бөлісу:
Әлемді түйемен аралап шығуды жоспарлаған саяхатшы қыз қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлы Жібек жолын жаңғыртып, әлемді түйемен аралап шықпақ болған моңғолиялық саяхатшы қыз қайтыс бюолды.

Бұл туралы оның анасы және жергілікті БАҚ хабарлады.

Байгалмаа Норжмаа 1988 жылы Моңғолияның УВС аймағында дүниеге келген. Моңғолияға «Саяхатшы Байгалмаа», «Түйеші Байгалмаа» атанған Ұлы Жібек жолын жаңғыртып, Ұланбатырдан Лондонға дейін түйемен жүріп өткен еді. Өзі оқыған туризм саласы бойынша Моңғолия туризмін дәріптеуде айрықша еңбек еткен болатын.

Әлемді түйемен аралап шығуды жоспарлаған саяхатшы қыз қайтыс болды

Сонымен қатар ол альпнизммен де тұрақты айналысып, әйгілі Эльбрус шыңын, Моңғолиядағы ең биік тауларды бағындырған.

Ол 2017 жылы Ұланбатырдан Лондонға дейінгі жолында еліміздің астанасында және Алматы қалаларында болған еді. Сол жолда Ұлы Жібек жолы бойымен 15 мемлекетті басып өтіп, 7000 шақырым жол жүрді. Байгалмаа Моңғолияның «Үздік жас» сыйлығының иегері және Увс, Ховда аймақтарының құрметті азаматы.

Дерек көздер жас саяхатшының неден қайтыс болғанын анық жазған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы