Әлемдегі эпидахуал. ДДҰ бір апта ішінде өлім-жітімнің 7%-ға өскенін хабарлады

10 Ақпан 2022, 14:15
1409
Бөлісу:
Әлемдегі эпидахуал. ДДҰ бір апта ішінде өлім-жітімнің 7%-ға өскенін хабарлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДДҰ бір апта ішінде ковидтен болатын өлім-жітімнің 7%-ға өскенін хабарлады. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жазды.

Бір апта ішінде індет жұқтырғандардың ең көп саны туралы АҚШ хабарлады-1 874 006 жағдай. Одан кейін Франция – 1 738 189, Германия – 1 285 375, Бразилия – 1 241 025. АҚШ – та жеті күнде қайтыс болғандардың ең көп саны тіркелді-14 090 дерек. 

Жабайы бұғылардан омикрон-коронавирус штамына қарсы антиденелер тапты. Пенсильвания университетінің ғалымдары бұл жағдай жануарлар арасында коронавирустың одан әрі мутациялануына және оның адамға берілуіне әкелуі мүмкін деп алаңдайды. 

Дәрігерлер 8 ақпанда коронавируспен ауруханаға түскен Жапония императорлық отбасының 38 жастағы ханшайымы Йокоға пневмония диагнозын қойды. 

Осыған байланысты ол Токио университетінің ауруханасына ауыстырылды. NHK телеарнасының хабарлауынша, ханшайымда орташа пневмония белгілері бар.

Өзгелердің жаңалығы