Әлемдегі ең кәрі футболшы Гиннестің рекордтар кітабына енді

29 Қаңтар 2023, 14:37
1243
Бөлісу:
Әлемдегі ең кәрі футболшы Гиннестің рекордтар кітабына енді
Фото: Guinness World Records

Әлем тарихында ең кәрі футболшы жасы жаңарды. Тіпті оның жетістігін ескере Гиннестің рекордтар кітабына енгізген,деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ең кәрі футболшы жайлы "Моя планета" сайты жазды. Онда 79 жастағы австралиялық Дэвид Мадж есімді спортшының тарихта аты қалғаны айтылады. Тіпті ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына енгізіліп отыр.

Мадждың командасы аталмыш елдегі өзге ойыншылармен бақ сынасқан. 90 минут жасыл алаңда доп тепкен автсралиялық 6:0 есебімен ұтылса да, ең үлкен сыйлықтың иегері атанды.

Айта кетейік, бұған дейін әлемдегі ең кәрі футболшының жасы 74-те еді.

Өзгелердің жаңалығы