Әлемдегі ең ерекше әдеби сыйлықты ұсынушы меценат есімі белгілі болды

18 Ақпан 2022, 19:08
2594
Бөлісу:
Әлемдегі ең ерекше әдеби сыйлықты ұсынушы меценат есімі белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда бірден-бір ерекше әдеби сыйлығы жарияланды. Оның жеңімпазы 500 доллар мөлшерінде өмірлік рентаны (зейнетақыны) ай сайын алатын болады.

 2021 жылдың 21желтоқсанында MECENAT.KZ сайтында Қазақстан туралы үздік роман үшін жаңа жыл сайынғы әдеби сыйлығының жұмыстарын жинау басталды. Әр жылдың жеңімпаздары автордың жеке шотына АҚШ-ның 500 доллары мөлшерінде өмірлік рента түседі. Бұл сыйлық марапаттың мөлшері бойынша әлемде бесінші болады. 

Соңғы сәтке дейін меценат есімі қатал құпия болып келіп, бүгін мәлім етілді. Меценат АҚШ және Қазақстанда тіркелген  Freedom Holding Corp инвестициялық топтың негізін қалаушысы және мажоритарлық акция ұстаушысы Тимур Турлов  екені жарияланды.

Ол өзінің Фейсбуктегі  аккаунтында жобаға қатысу себептері туралы айтты.

«Ерлан Аскарбеков Қазақстан туралы ең үздік заманауи роман үшін әдеби сыйлықты құру арманы бар екені туралы айтқанда, мен шын ниетпен оған келістім. Біз өмірді сақтау бойынша өнімді біздің компаниямен бірге жасап, байқаудың  жеңімпазына ерікті өмірлік зейнетақы аннуитетін сыйлаймыз деп шештік, ол ай сайын АҚШ-нің 500 долларлық баламасында төленіп тұрады. Бұл неліктен маңызды? Нақты жазушылар ұлттық идеяны және мәдени кодты қалыптастыруға көмектесе алады. Бізді біріктіретін дүниені біз барынша бағалай білуіміз керек.  Бiз бiргемiз! , - деді ол.

Сыйлықтың негізін қалаушы Ерлан Аскарбеков журналистер мен блогерлерге келесідей үндеу жасады.

Біз мақсатымызға жетуіміз үшін — Қазақстанның бар түкпіріндегі әлеуетті авторлар байқау туралы білуі тиіс. Мысалы жас автор сыйлықты алғаннан соң тағы 60 жас өмір сүретін болса, ол 360 мың доллар алады деген сөз, яғни осылайша марапат мөлшері бойынша автоматты түрде  әлем бойынша бесінші орынға жайғасады.

Біз барлық БАҚ өкілдері пен  блогерлерге өте маңызды өтінішіміз бар. Өз ресурстарыңызда байқау сайтына сілтемесі бар баннерді орналастырыңыздаршы. Шын дарындар бар және олар аймақтарда  немесе өте шалғай жерлерде өмір сүруі мүмкін. Баннерлер біздің сайттың  “Баспасөз-орталық” бөлімінде орналастырылған.

Сондай-ақ біз барлық қазақстандықтарды mecenat.kz сайтының сілтемесін, сіздің ойыңызша, керемет көркем роман жаза алатын достарыңызға және туыстарыңызға жіберуді өтінеміз, - деді ол.

Байқау туралы ережені, көптеген сұрақтарға жауапты, спикерлердің өмірбаяндарын, фото және бейнелерді mecenat.kz сайтынан табуға болады. 

Өзгелердің жаңалығы