Әлемдегі ең бай боксшылардың тізімі жарияланды

1 Маусым 2022, 02:35
1646
Бөлісу:
Әлемдегі ең бай боксшылардың тізімі жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Planet Sport сайты әлемдегі ең бай боксшылардың тізімін жариялады, деп жазады Vesti.kz.

Рейтинг боксшылардың кәсіпқойдағы шаршы алаңынан тапқан ақшалардың көрсеткіші бойынша жасалған. Бұл тізімді жасауға дереккөзді Тайсон Фьюридің Диллиан Уайтқа қарсы кездесуінде алған 27,9 миллион фунт стерлинг жігерлендіріпті. 

Сонымен әлемдегі ең бай боксшылардың тізімі мынадай:

1. Флойд Мейвезер (400 млн ф.ст.)
2. Джордж Форман (222 млн ф.ст.)
3. Мэнни Пакьяо (163 млн ф.ст.)
4. Оскар Де Ла Хойя (148 млн ф.ст.)
5. Сауль Альварес (105 млн ф.ст.)
6. Леннокс Льюис (103 млн ф.ст.)
7. Тайсон Фьюри (100 млн ф.ст.)
8. Шугар Рэй Леонард (88 млн ф.ст.)
9. Энтони Джошуа (60 млн ф.ст.)
10. Владимир Кличко (58 млн ф.ст.)

Өзгелердің жаңалығы