Әлемдегі алғашқы сұйытылған табиғи газ зауытының кешенді құрылысы аяқталды

9 Наурыз 2023, 16:00
1078
Бөлісу:
Әлемдегі алғашқы сұйытылған табиғи газ зауытының кешенді құрылысы аяқталды
Фото: Kaz.people.cn

7 наурызда Offshore Petroleum Engineering (Qingdao) шектеулі серіктестігі жасаған канадалық LNG (сұйытылған табиғи газ) жобасы Циндао Батыс жағалауының жаңа аумағында соңғы екі негізгі модульді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Kaz.people.cn дереккөздеріне сүйене отырып.

Бұл сұйытылған табиғи газ зауытының әлемдегі алғашқы кешенді құрылысының 35 модулі толығымен табыс етілгенін білдіреді.

Ақпараттарға сәйкес, жоба Shell сияқты әлемдегі бес ірі халықаралық мұнай компаниясы бірлесіп инвестициялаған және салған әлемдік деңгейдегі СТГ жобасы.

Жобаның бірінші кезеңінде жылдық өнімділігі 14 миллион тонна СТГ болатын екі өндірістік желі салу жоспарланып отыр. Ол аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін Қытай және басқа Азия елдерін жоғары сапалы таза энергиямен қамтамасыз етеді.

Өзгелердің жаңалығы