Әлемде туу көрсеткіші жыл сайын 0,9%-ға төмендеп келеді

4 Наурыз 2023, 10:37
1596
Бөлісу:
Әлемде туу көрсеткіші жыл сайын 0,9%-ға төмендеп келеді
Фото: Егемен Қазақстан

2021 жылы БҰҰ мәліметінше, әлемде 134 млн адам дүниеге келген. Бұл бір жыл бұрынғыдан 0,9% аз. Көрсеткіш 2017 жылдан бері бес жыл қатарынан төмендеп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Мәселен, өткен ғасырдың 50-жылдарында көрсеткіштер айтарлықтай төмен болды және 90-жылдарға дейін жылдан-жылға біртіндеп өсті.

1950 жылы 92,1 млн адамнан 1990 жылы рекордтық 142,5 млн адамға жеткен. Әрі қарай көрсеткіштер өсті дегеннің өзінде де айтарлықтай емес (2012 жылы ең көп: 144,2 мың адам), сонымен қатар бірде көбейсе, бірде төмендеді.

Мамандардың болжамынша, алдағы жылдары әлемде туу көбейіп, 2040 жылға қарай 138,5 миллион адамға жетеді. Бұдан ары көрсеткіш төмендеп, 2100 жылы 111,5 млн болмақ.

Толығырақ айтсақ, алдағы жылдарда жағдай мынадай болады: 2030 жылы 136 млн адам, 2040 жылы — 138,5 млн адам, 2050 жылы — 135,7 млн адам, 2060 жылы — 130,6 млн адам, 2070 жылы — 127,7 млн адам, 2080 жылы — 122,7 млн адам, 2090 жылы — 116,7 млн адам, 2100 жылы — 111,5 млн адам дүниеге келмек.

2021 жылы туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 16,9 болды. Көрсеткіш ұзақ уақыт бойы төмендеп келеді: мысалы, 1950 жылы коэффициент 36,8, 1960 жылы — 33,9, 1970 жылы — 33,6, 1980 жылы — 28,5, 1990 жылы — 26,8, 2000 жылы — 21,8, 2010 жылы — 20,3, 2020 жылы — 17,2 ғана.

Болжам бойынша 2022 жылы туу көрсеткіші 16,8, 2030 жылы 15,9, 2050 жылы 14, 2070 жылы 12,4, 2090 жылы 11,2, 2100 жылы 10,8 болады.

Әзірге Африка елдерінде туу көрсеткіші өте жоғары: 1000 халыққа шаққанда 32,5. Африка — туу көрсеткіші әлемдік деңгейден жоғары жалғыз макроөңір. Басқа аймақтарда 2021 жылғы жағдай бойынша туу көрсеткіші мынадай: Мұхит елдері — 15,6, Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде — 14,8, Азияда — 14,3, Солтүстік Америкада — 10,9, Еуропада — небәрі 9,2.

Орталық Азия елдерінде жалпы көрсеткіш 1000 адамға шаққанда 23,3. Ең жоғары деңгей Тәжікстанда (26,7), ең төменгісі Қазақстанда (21,5) байқалды. Қырғызстанда коэффициент 24,1, Өзбекстанда — 23,6, Түркіменстанда — 21,6 болды. ТМД-ның басқа елдерінде жағдай мынадай: Әзербайжанда — 12,3, Арменияда — 12, Ресейде — 9,6, Белорусьте — 9,3, Украинада — 7,7. 

Өзгелердің жаңалығы