Әлемде коронавируспен сырқаттанушылық бойынша 110-орында тұрмыз – Цой

14 Желтоқсан 2021, 10:41
958
Бөлісу:
Әлемде коронавируспен сырқаттанушылық бойынша 110-орында тұрмыз – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, республикамыз әлемде 222 ел ішінде  сырқаттанушылық бойынша 110-орында тұр. 

 

Ал өлім-жітім бойынша әлемдік рейтингте 1 млн  тұрғынға шаққанда өлім-жітім бойынша 102-орында тұр, – деп атап  өтті ведомство басшысы. 

 

Сонымен қатар ел аумағындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келе жатқанын алға тартты. 

Инфекциялық төсек-орындар 23%-ға, реанимациялық төсектер 20%-ға толы. Соңғы екі аптада сырқаттанушылық 28%-ға төмендеді. Репродуктивтілік саны 0,89-ды құрайды. Тамыз айымен салыстырғанда аурушаңдық 1,2 есеге төмендеді, – деді Денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет басшысы ревакцинация қарқынын күшейтуді тапсырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы