Әлемде COVID-19-дан болған өлім-жітімнің антирекорды тіркелді

5 Қараша 2020, 14:01
1355
Бөлісу:
Әлемде COVID-19-дан болған өлім-жітімнің антирекорды тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпы, әлем бойынша коронавирус инфекциясының 48,4 миллион жағдайы расталды, 1,2 миллион адам қаза тапты.

4 қарашада әлемде коронавирустық инфекцияның асқынуынан болған өлім-жітім көрсеткішінің рекордтық деңгейі тіркелді. Соңғы тәулікте әлем бойынша 9067 қайтыс болған, ең көбі АҚШ-та (1201 адам). Мұндай деректерді Worldometer статистикалық порталы ұсынып отыр.

Мұның алдындағы антирекорд 1 қазанда тіркелген болатын. Ол кезде планетаның 8831 тұрғыны инфекцияның құрбанына айналған еді. Сондай-ақ, өткен тәулікте инфекцияның 570 934 жағдайы анықталды, бұл сан да антирекордқа жақын (29 қазанда 573 000 адамға Сovid-19 инфекциясы диагнозы қойылған).

5 қараша күнгі жағдай бойынша әлемде коронавирустың 48,4 миллион жағдайы расталды, оның 34,7 миллионы емделіп шықса, 1,2 миллион науқас қайтыс болды.

Әлемде сырқаттанушылық бойынша көшбасшы елдер қатарында бұрынғысынша, АҚШ (9,8 миллион), Үндістан (8,4) және Бразилия (5,6) тұр. Әлемнің тағы алты елінде COVID-19 инфекциясының миллионнан астам жағдайы тіркелеген, олар Ресей, Франция, Испания, Аргентина, Колумбия және Ұлыбритания.

Айта кетейік,  Қазақстанда өткен тәулікте 494 адамда коронавирус індеті ПТР тестілеу арқылы расталып ауырғаны белгілі болды .

Өзгелердің жаңалығы