Әлемде әр 3-әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны. Елордада «Кәдімгі заттар» көрмесі ашылды

25 Қараша 2021, 13:22
3007
Бөлісу:
Әлемде әр 3-әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны. Елордада «Кәдімгі заттар» көрмесі ашылды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, яғни 25 қараша «16 күндік белсенділік» жаһандық науқаны басталған күн. Елордада акцияның басталуы күні тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен қазақстандықтардың шынайы оқиғаларын баяндайтын «Кәдімгі заттар» интерактивті көрмесі ашылды. 

Қазақстанда пандемия кезінде тұрмыстық жанжалдарда адам өлтіру саны үштен бірге артып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты полицияға жүгіну саны төрттен бірге өсті.

Әлемде әр 3-әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны. Елордада «Кәдімгі заттар» көрмесі ашылды

Экспозицияда бір қарағанда қарапайым 16 зат ұсынылған: стақан, кітап, аяқ киім.  Бірақ әрқайсысының артында зорлық-зомбылыққа тап болған, кей жағдайда оның құрбанына айналған адамның шынайы тарихы жатыр.

Әлемде әр 3-әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны. Елордада «Кәдімгі заттар» көрмесі ашылды

Экспозицияның мақсаты-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне назар аудару, себебі статистикаға сүйенсек, әлемде күн сайын 137 әйел өз отбасы мүшелерінің қолынан қайтыс болады, ал әрбір үшінші әйел өмірінде кем дегенде бір рет физикалық немесе жыныстық зорлық - зомбылыққа ұшырайды. 

Бұл мәселені соңғы 30 жылда жаһандық ауқымда қарастыру тәжірибеге айналды. Аталған кампания аясында біз «Кәдімгі заттар» көрмесін ашып отырмыз. Көп жағдайда әйелдер мен қыздарға көрсетілетін зорлық-зомбылық үйде жасалады. Керсінше, әйел үйде өзін қауіпсіз сезінуі керек. Бұл көрмеде қарапайым заттар зорлық-зомбылық құралына айналуы мүмкін екенін көрсетеді, - деді деді Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори.

Әлемде әр 3-әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны. Елордада «Кәдімгі заттар» көрмесі ашылды

Оның айтуынша, Қазақстандағы БҰҰ гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу мен жоюды COVID-19 қарсы әрекет ету жоспарының негізгі құрамдас бөлігі деп таниды.

Әлемде әр 3-әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны. Елордада «Кәдімгі заттар» көрмесі ашылды

Біріккен Ұлттар Ұйымының агенттіктері нақты «не істеу керек» нұсқаулықтарын шығару және халықаралық озық тәжірибемен бөлісу арқылы аман қалғандардың қажеттіліктерін қорғау үшін бірлесіп жұмыс атқаруда. Ең осал топтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы біз бұл індетті тезірек жеңіп, ешкімді артта қалдырмай, неғұрлым әділ және төзімді қауымдастықтар құра аламыз. Мәселені шешуден алдын алу арзанырақ, - деді Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори көрменің ашу салтанатына қатысқан сәтінде. 
Әлемде әр 3-әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны. Елордада «Кәдімгі заттар» көрмесі ашылды

Экспозицияда ұсынылған барлық оқиғалар-полиция хаттамаларында және Қазақстандағы кризис орталықтарының файлдарында тіркелген тұрмыстық зорлық-зомбылықтың нақты оқиғалары.

Көрме ұйымдастырушылары халықтың осал топтарына – балалар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты зорлық-зомбылық жағдайлары туралы кеңірек айту үшін экспозицияны инклюзивті түрде жасау маңызды болды.

Өз кезегінде Канада Елшілігінің сенімді өкілі Надежда Егай инклюзия туралы айтқанда біз халықтың ең осал топтары туралы үнсіз қалуға болмайды.

Әлемде әр 3-әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны. Елордада «Кәдімгі заттар» көрмесі ашылды

Біз әйелдердің, мүгедектердің, ЛГБТ қауымдастығы өкілдерінің және тағы да басқа құқықтарын қорғайтын ұйымдарды қолдаймыз. Бүгін біз зорлық-зомбылықтан аман қалған қазақстандықтардың 16 оқиғасымен танысамыз. Бірақ, бұл осы проблемамен күн сайын өмір сүретін адамдардың аз ғана бөлігі екенін және ең осал жандар зардап шегетінін бәріміз түсінеміз, - деді ол.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы халықты қоныстандыру қорының (ЮНФПА) атқарушы өкілі Райымбек Сисемалиев өз сөзінде гендерлік зорлық-зомбылықпен күресу бойынша үйлестірілген жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Әлемде әр 3-әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны. Елордада «Кәдімгі заттар» көрмесі ашылды

Зорлық-зомбылық мәселесінде тек алдын алу ғана емес, сонымен бірге әрекет ету де өте маңызды.  Сондықтан біздің ұйым денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, полиция және әділет секторларын қоса алғанда, гендерлік зорлық-зомбылыққа ведомствоаралық келісілген әрекет етудің ұлттық жүйесін құруда үкіметке техникалық қолдау көрсетуге ерекше назар аударады, - деді ол.

Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» өкілі Мария Доценко жақында Қызылордаға барған сапарын мысалға алды.

Әлемде әр 3-әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны. Елордада «Кәдімгі заттар» көрмесі ашылды

Әлемдегі әр 3-әйел гендерлік зорлық-зомбылықтың құрбаны. Ол физикалық немесе психологиялық болуы мүмкін. Бірақ оның 40 пайызы ғана көмек сұрайды. Бұл - өте өкінішті жағдай. Мен кеше Қызылордадан келдім. Әзірге жалғыз әйел облыс басшысы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездестім. Біз көп орындарға бардық. Дағдарыс орталығына барып, мемлекет қолдайтын мекеменің жұмысымен таныстым. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған 5 әйелмен әңгімелестім. Олардың жанары сөнген. Көздері мұңға толы. Жас қыз ұрғаннан көзі көрмей қалған. Тағы біреуінің кішкентай баласы бар екен. Тағы біреуін күйеуі 5 қыз тапқаны үшін ұрып-соққан. Мұндай оқиғалар жан түршіктіреді, - деді Мария Доценко.
Әлемде әр 3-әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны. Елордада «Кәдімгі заттар» көрмесі ашылды

Ол атағандай, ресми статистикаға сәйкес, 2021 жылдың 10 айында Қазақстанда кем дегенде 1600 қыз бала мен әйел гендерлік зорлық-зомбылықтың әртүрлі түрінен зардап шекті, бұл өте алаңдатарлық көрсеткіш. 

 Біздің ұйым қыздар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырады және тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тарту бастамасын қолдайды, - деді Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» өкілі Мария Доценко.
Әлемде әр 3-әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны. Елордада «Кәдімгі заттар» көрмесі ашылды

Көрмемен тереңірек танысу үшін қонақтар аудио форматта әңгімелер тыңдай алады. Әр заттың тарихымен танысу үшін келушілер өз смартфонының камерасын экспозицияның QR-кодына бағыттап, зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдің тарихын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тыңдай алады. Көрменің онлайн нұсқасын the-steppe.com  сайтында көруге болады.

Әлемде әр 3-әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны. Елордада «Кәдімгі заттар» көрмесі ашылды

Айта кетейік, «Кәдімгі заттар» көрмесі - Канада Елшілігінің, Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің, БҰҰ Қазақстандағы халықты қоныстандыру саласындағы қорының (ЮНФПА), «БҰҰ-әйелдер» құрылымының және STEPPE интернет-басылымының ынтымақтастығының жемісі.

 


Өзгелердің жаңалығы