Елордада өтіп жатқан Әлем кубогінің үшінші күнінде Алуа Балқыбекова шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
51 келіде бақ сынаған Алуа Балқыбекованың қарсыласы АҚШ өкілі Дженнифер Лозано. Ол Париж Олимпиадасының қатысушысы. 1/8 финалда төрешілер шешімімен Алуа жеңіске жетті.
Айта кетейік Алуа Балқыбекова әйелдер арасында Әлем чемпионы.
Еске салайық, бұған дейін 2 шілде кімдер шаршы алаңға шығатынын хабарлаған едік. Одан кейін Назым Қызайбай жартылай финалға шықты.