Бүгін, 18 қарашада Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) ұйымының 33-ші саммиті басталады. Екі күнге жоспарланған жоғары деңгейдегі кездесуге 21 мүше экономиканың көшбасшылары мен өкілдері қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биылғы саммит «Ортақ өркендеу үшін Азия-Тынық мұхиты қоғамдастығын құру» тақырыбына арналады. Кездесуде сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, инвестиция, жасанды интеллект, цифрлық трансформация және өңірлік ынтымақтастық мәселелері талқыланады.
Биылғы жиынға халықаралық назардың ерекше аударылуына АҚШ президенті Дональд Трамп, Қытай төрағасы Си Цзиньпин және Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуы себеп болып отыр. Reuters агенттігінің хабарлауынша, үш ел басшысының бейсенбі, 19 қарашада кездесуі жоспарланған. Алайда келіссөздердің нақты күн тәртібі әзірге жарияланған жоқ.
Саммит қарсаңында, 17-18 қарашада Шэньчжэньде АТЭС-тің бизнес көшбасшыларының кездесуі де өтіп жатыр. Оған 21 мүше экономика мен ұйымға кірмейтін 13 экономикадан 2 мыңнан астам саяси және іскерлік өкіл жиналған.
Қытай АТЭС саммитін үшінші рет қабылдап отыр. Бұған дейін мұндай кездесулер 2001 жылы Шанхайда және 2014 жылы Бейжіңде өткен.
Саммит аясында Қытай төрағасы Си Цзиньпин Ресей президенті Владимир Путинмен және Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мёнмен екіжақты кездесулер өткізген.
Тағы оқи отырыңыз: Үш алпауыттың үстелінде не бар? Трамп, Путин мен Си не талқылайды?