Әлем чемпионаты. Қазақ қызы қарсыласын нокаутқа түсірді

16 Наурыз 2023, 18:31
871
Бөлісу:
Әлем чемпионаты. Қазақ қызы қарсыласын нокаутқа түсірді
Фото: Vesti.kz

Үндістан елінің астанасы Нью-Делиде бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Алғаш болып шаршы алаңға шыққан отандасымыз Жазира Орақбаева қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

52 килоға дейінгі салмақта Жазира тайвандық боксшы қыз Чань-Ча Суньмен жұдырықтасты. Екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Ал үшінші раундта қарсыласын тағы бір рет есеңгіретті. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, отандасымыз техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы әлем чемпионатына 12 боксшы қызымыз аттанды. Жарыс 26 наурызға дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы