Әлем чемпионаты - 2022: Бүгін қандай құрамалар ойнайды?

24 Қараша 2022, 11:17
2239
Бөлісу:
Әлем чемпионаты - 2022: Бүгін қандай құрамалар ойнайды?

Бүгін Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында G және Н тобы алғашқы ойындары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алаңға Криштиану Роналду бастаған Португалия, Неймар бастаған Бразилия, Швейцария мен Камерун, сондай-ақ Уругвай мен Оңтүстік Корея құрамалары шығады.

Бүгінгі кездесулер кестесі келесідей:

15:50 - Швейцария – Камерун 
18:50 - Уругвай - Оңтүстік Корея
21:50 - Португалия - Гана 
00:50 - Бразилия - Сербия

Әлем чемпионаты - 2022: Бүгін қандай құрамалар ойнайды?

Кешегі жаңалықтарға шолу

Испания құрамасының қорғаушысы Гави (18 жас 110 күн) 1958 жылдан бері әлем чемпионатында гол салған ең жас ойыншы атанды.

Әлем чемпионаты тарихында Гавиден жастау шағында екі футболшы ғана гол салған. Ол әйгілі Пеле 1958 жылы және 1930 жылғы ӘЧ-де мексикалық Мануэль Росас. Гави Коста-Рикамен матчтің 74-минутында гол соқты.

Кеше Испания Коста-Риканы 7:0 есебімен ойсырата жеңіп, әлем чемпионатының рекордын жаңартты. Тағы сенсациялық матч Германия мен Жапония арасында өтті. Ойын 1:2 есебімен Жапонияның пайдасына шешілді. Сонымен қатар Бельгия мен Канада арасындағы матч еуропалық құрама 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Еске салайық, матчтарды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көре аласыздар. 
 

Өзгелердің жаңалығы