«Әлем балалар көзімен»: Тегеранда қазақстандық балалар суреттерінің көрмесі өтті

13 Қараша 2021, 18:40
3133
Бөлісу:
«Әлем балалар көзімен»: Тегеранда қазақстандық балалар суреттерінің көрмесі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы елшілігі қазақстандық «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қорының бастамасымен және қолдауымен Тегеранның «Зәрна» көркемөнер галереясында «Әлем балалар көзімен» атты қазақстандық мүмкіндігі шектеулі балалардың сурет көрмесін ұйымдастырды.

Бұл туралы елшіліктің ресми сайты хабарлады. 

«Әлем балалар көзімен»: Тегеранда қазақстандық балалар суреттерінің көрмесі өтті

Көрмеге жетекшісі Рада Хайрушева болып табылатын мүмкіндіктері шектеулі балаларға көмек көрсететін «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қоры ұсынған балалардың суреттері қойылды.

«Әлем балалар көзімен»: Тегеранда қазақстандық балалар суреттерінің көрмесі өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған осы көрменің басты мақсаты - қиындықтарға қарамастан, осы балалардың мүмкіндіктері шексіз екендігін, олардың ізгі ой-арманын, өмірге деген құштарлығын ашып көрсету.

«Әлем балалар көзімен»: Тегеранда қазақстандық балалар суреттерінің көрмесі өтті

Көрмеге қойылған туындыларды ирандық өнер, білім қайраткерлері, іскер топтары, Қазақстан азаматтары мен Ирандағы қазақ диаспорасының өкілдері келіп, тамашалады. 

«Әлем балалар көзімен»: Тегеранда қазақстандық балалар суреттерінің көрмесі өтті

Қазақстандық балалардың шығармашылығымен танысқан заң ғылымдарының докторы, профессор Саййед Хасан Амин, мүсінші Фатеме Асади және өзге де ирандық қайраткерлер қазақстандық ерекше балалардың шығармашылығынан олардың дүниеге іңкәр көзқарасын анық көруге болатынын атап көрсетті.

«Әлем балалар көзімен»: Тегеранда қазақстандық балалар суреттерінің көрмесі өтті

Өзгелердің жаңалығы