Александр Бублик Галледе тағы бір мықты теннисшіні жеңіп кетті

21 Маусым 2025, 09:18
408
Бөлісу:
 Фото: DIMITAR DILKOFF/AFP via Getty Images
Фото: Фото: DIMITAR DILKOFF/AFP via Getty Images

Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик Галле (Германия) ATP 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.kz.

Ол ширек финалда чехиялық Томаш Махачпен кездескен. Қарсыласы – әлемдік рейтингте 23-орында орналасқан. Бублик ойынды ұзаққа созбай, екі сетте шешті. Қорытынды есеп – 7:6 (7:2), 6:3.

Қазақстандық теннисші финалға шығу үшін әлемнің 22-ракеткасы, ресейлік Карен Хачановпен кездеседі. Ол бұған дейін аргентиналық Томас Мартин Этчеверриді жеңді.

Осының алдында Бублик әлемнің 1-ракеткасы италиялық Янник Синнерді ұтып, сенсация жасаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы