Қазақстанның бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Бублик Дубай ATP 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 7-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевпен шеберлік байқасты.
Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, бәрінде де ресейлік спортшы жеңіске жеткен еді.
Бұл жолы Д.Медведев бірінші партияда 6:4 есебімен басым түсті. Ол екінші сетте де брейк жасап, 3:1 есебімен алға кетті. Содан кейін қарқынын үдете түсті – 6:2.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында А.Бублик 5 эйспен ғана көзге түсті. Ресейлік теннисші 5 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді.
Д.Медведев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 20-ракеткасы, хорватиялық Борна Чоричпен таласады.