Алдағы жылдары азаматтар ЖЭО-ның қалай жөнделіп жатқанын онлайн бақылай алады

23 Қараша 2023, 12:02
438
Бөлісу:
Алдағы жылдары азаматтар ЖЭО-ның қалай жөнделіп жатқанын онлайн бақылай алады
Фото: Артём Чурсинов - архив

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр желтоқсанда жылу электр энергетикасының цифрлық платформасы іске қосылатынын айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Вице-премьердің сөзінше, үкіметтің алдында инженерлік инфрақұрылым мен жылу энергия көздерінің тозуын кем дегенде 15%-ға төмендету міндеті тұр. Биыл «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы басталды.

Біздің ойымызша, бұл – ең тиімді бағдарлама. 2023 жылы біз осы салаға шамамен 220 млрд теңге жеке инвестиция тартып, қысқа дайындық барысында 6 мың шақырымға жуық инженерлік инфрақұрылым мен 77 жылу энергия көзін – ЖЭО, ГРЭС және әртүрлі қазандықтарды жөндедік, - деді Роман Скляр.

Ол цифрландыру – маңызды аспект екенін, 2023 жылғы желтоқсанда біз жылу электр энергетикасының цифрлық платформасын іске қосылатынын атап өтті.

Сондай-ақ ол саладағы 200 мыңға жуық жұмысшының жалақысы көтерілгенін айтты.

Онда біздің жылу энергия көздеріміздің барлық электронды паспорты имплементацияланады. Бұл режимде инвестициялық міндеттемелердің орындалуын бақылау мүмкіндігі болады, - деді Скляр.

Цифрлық платформа арқылы Қазақстан азаматтары ЖЭО-лардың қалай жөнделетінін онлайн бақылай алады.

Сонымен қатар премьер-министрдің бірінші орынбасары жылу энергетикасында басшылардың жауапкершілігі күшейетінін атап өтті.

Біз тиісті түзетулер әзірлеп жатырмыз, жақын арада оларды Мәжіліске енгіземіз. Олар табиғи монополиялар субъектісінің, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаларды орындау және жабдықтарды сапалы жөндеу үшін бірінші басшының жауапкершілігін күшейтуге қатысты болады, - деді вице-премьер.

Өзгелердің жаңалығы