Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

15 Сәуір 2022, 19:48
1457
Бөлісу:
Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бойынша 2022 жылдың 16-18 сәуіріне арналған ауа райы болжамын Қазгидромет жариялады. 

Алдағы үш тәулікте атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың батыс бөлігіне ғана, жауын-шашынсыз ауа райы болатын солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді. Республика бойынша желдің күшеюі байқалады.

Еліміздің батысында ауа температурасының күндіз 12-20-дан 15-25-ке дейін көтерілуі, солтүстік-батыста түнде 0-12 жылудан 0-5 аязға дейін төмендеуі, солтүстікте түнде 5-12 градустан 0-5 градусқа дейін төмендеуі, оңтүстік-шығыста  5 градус  жылуды құрайды. 

Республиканың орталығында 2-7 градуске дейін көтеріліп, еліміздің шығысында түнде - 2 аяз, 0-8 градуске дейін көтеріледі, күндіз температура – 15 градус жылы болады, оңтүстікте күндіз 23-32 жылы, оңтүстік-шығыста күндіз 22-30-дан аздап көтерілуі, таулы аудандарда 18 градустен  25-32  дейін жылып, таулы аудандарда 20 градус жылы болады деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы