Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

7 Наурыз 2022, 17:15
1658
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бойынша 2022 жылдың 08-10 наурызына арналған ауа райы болжамын Қазгидромет жариялады.

Алдағы күндері Қазақстан аумағының солтүстік жартысына жауын-шашынсыз ауа райы мен ауа температурасының төмендеуін алып келетін кезекті антициклон әсер етеді. Түнде бұл аймақтарда термометр бағандары 15...25 аязға дейін төмендейді. 

Елдің батыс және оңтүстік аймақтарында болса,  оңтүстік циклонның шығуы күндізгі ауа температурасының 10...20 жылуға дейін көтерілуіне әкеледі.

Өзгелердің жаңалығы