Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

31 Шілде 2023, 12:06
567
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: BAQ.KZ - архив

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2023 жылғы 1-3 тамызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктер болжамынша, елімізде жаңбырлы ауа райы сақталады.

Алдағы күндері фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық өткінші жаңбыр жауады. Найзағай күтіледі. Екпінді жел соғады. Бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батыс өңірлері жоғары қысым аумағында болады. Мұнда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар болжанбайды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы