Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

26 Маусым 2023, 17:36
1134
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Қазақстан бойынша 2023 жылғы 27-29 маусымға арналған ауа райы болжамы ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктер болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жаңбырлы және салқын болады.

Алдағы күндері республика аумағының басым бөлігінің ауа райын циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайтын болады. Осыған байланысты жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. 27 маусымда солтүстік-батыста, 27-28 маусымда солтүстікте, шығыста; 29 маусымда еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша бұршақ, дауыл және жел күшейеді деп күтілуде. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді, бүкіл республика бойынша салқын ауа райы сақталады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы