Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

14 Қараша 2022, 13:40
1865
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" синоптиктері еліміз бойынша 15-17 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республиканың ауа райына әлі де Атлантикалық циклон өз әсерін тигізеді, жауын-шашын, елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. 

Республика бойынша бұрқасын, көктайғақ, тұман, қатты екпінді жел 15-28 м/с сақталады, 15 қарашада Қарағанды және Жамбыл облыстарында 30 м/с және одан да аса қатты жел күтіледі. 

Аптаның соңында Солтүстік-батыс антициклонының енуімен жауын-шашынның тоқтауы және температура фоны төмендейді деп күтілуде. 

Ауа температурасы түнде солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта 10-20 аязға дейін, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста 2-10 аяз, таулы аймақтарда 10-15 аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы