Алдағы үш күнде күн суытып, қар жауады

24 Мамыр 2024, 15:46
25984
Бөлісу:
Алдағы үш күнде күн суытып, қар жауады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 25-27 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдағы үш күнде республика бойынша Солтүстік циклонның әсерінен жауын-шашынды болып, кей өңірлерде қар жауап, найзағай ойнап жел күшейеді.

25-27 мамырда елдің солтүстігінде, 25-26 мамырда орталығында, Оңтүстік-Шығысында, 26 мамырда шығыс, солтүстік-батыс аймақтарында қатты жаңбыр жауады деп болжануда.

Скандинавия аудандарынан шыққан кең антициклонның әсерінен республиканың батысында ауа райы ашық болады.

25 мамырда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, 26 мамырда орталықта, 27 Мамырда шығыста, оңтүстік-шығыста, 26-27 мамырда Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында жақындап келе жатқан суық ауа массаларының әсерінен түнгі және таңертеңгі уақытта 3 градус аяз болады.

Өзгелердің жаңалығы