Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

14 Шілде 2023, 13:44
1326
Бөлісу:
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Фото: BAQ.KZ - архив

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 15-17 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандардың болжамынша, ыстықтың төмендеуі күтіледі.

Алдағы күндері Қазақстанның синоптикалық жағдайын Қара теңіз аудандарынан жылжыған терең циклонмен қалыптасатын болады. Ол еліміздің басым бөлігінде жаңбырлы ауа райын анықтайды. Найзағай, бұршақ және екпінді жел соғады. Республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі.

Күндізгі температураның қысқа мерзімді төмендеуінен кейін Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы +20+25-тен 25+33-ке дейін, солтүстік-батыста +18+30-дан +25+33-ке дейін, орталықта +25+33-тен +32+39-ға дейін, оңтүстікте 25+35-тен 35+42-ге дейін жоғарылауы күтіледі, ал батыста температуралық фон +22+35 дейін, шығыста +27+35 дейін төмендеуі болжанады, ал еліміздің оңтүстік-шығысында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді, - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы