Алдағы үш күн жаңбырлы бола ма?

13 Қыркүйек 2023, 13:42
1118
Бөлісу:
Алдағы үш күн жаңбырлы бола ма?
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Қазақстан бойынша 2023 жылғы 14-16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптитер болжамынша, елімізде әлі де жаңбыр жауады.

Кезең ішінде республиканың басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, екпінді желмен қатар жаңбыр жауады. Бүкіл кезең шығыста, 14-15 қыркүйекте солтүстікте, 15-16 қыркүйекте батыста, 16 қыркүйекте еліміздің солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Бүкіл кезең республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнгі уақытта жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады деп болжануда. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 3-10, күндіз 13-20, оңтүстік жартысында түнде 7-15, күндіз 18-25 жылы күтіледі, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы