Алдағы уақытта Жезқазған мен Сәтбаев қалалары біріктіріледі

31 Желтоқсан 2023, 03:35
2345
Бөлісу:
Алдағы уақытта Жезқазған мен Сәтбаев қалалары біріктіріледі
Фото: baq.kz

Алдағы уақытта Жезқазған мен Сәтбаев қалалары бірігіп, үлкен шаһарға айналады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Үкімет мақұлдаған бас жоспар бір жылда тұрғындар талқысына үш мәрте түсті. Қала халқының ұсыныс-тілегін ескере отырып жасалған жоба алдағы 15 жылды қамтиды. Тұрғын үй аумағы 100 гектарға ұлғаяды. Бас жоспар бойынша Жезқазған Сәтбаев қаласына қарай өсіп, үлкен шаһарға айналады.

Халықтың көпшілігі қолдаған бағыт ол – Кеңгір ауылы арқылы арықарай Сәтбаев қаласына жол тарту болды қаланың өсуі. Есеп бойынша біздің болжауымызбен осы бас жоспарды 2038 жылға дейін жүзеге асырамыз. Соңғы жылдары Жезқазған халқының динамикасы жақсы. Осы динамикаға қарай, экономиканың дамуына қарай біз 145 мың адамға болжап отырмыз, - дейді қаланың бас сәулетшісі Қанат Бекжігітов.

Бас жоспарда қаланың экологиялық ахуалын жақсарту бағытында да біршама жұмыстар қолға алынады. Ең бірінші кезекте тұрмыстық қалдықтарды төгетін полигонның орны ауыстырылады. Қаланың ішіндегі жасыл желектің саны екі есеге көбейеді. Ал Кеңгір су қоймасының жағалауы түгелдей демалыс орнына айналады.

Өзгелердің жаңалығы