Алдағы уақытта жауын-шашынды болады

11 Қыркүйек 2023, 13:28
730
Бөлісу:
Алдағы уақытта жауын-шашынды болады
Фото: BAQ.KZ - архив

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 12-14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Республиканың басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай мен екпінді желмен жаңбыр жауады. 

12 қыркүйекте еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қатты жаңбыр жауады, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп болжануда.

Солтүстік-батыста ауа температурасы күндіз 13-23 жылыдан 15-25 жылыға дейін, солтүстікте 10-15 жылыдан 12-17 жылыға дейін, орталықта 10-23 жылыдан 12-23 жылыға дейін аздаған жоғарылайды, батыста ауа температурасының негізгі фоны күндіз 18-25, оңтүстікте 22-30 жылы, еліміздің оңтүстік-шығысында 18-27, таулы аймақтарда 7-12 жылы болады.

Өзгелердің жаңалығы