Алдағы уақытта 30 градус ыстық болады

10 Сәуір 2023, 13:03
832
Бөлісу:
Алдағы уақытта 30 градус ыстық болады
Фото: inform.kz

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

11 сәуір, 12 сәуірде түнде Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Скандинавия аймақтарынан келетін Солтүстік-батыс антициклоң әсерінен, еліміздің солтүстік жартысында ауаның температурасы түнде 5-10 градус аязға дейн төмендейді.

Күндізгі уақытта ауаның температурасы біртіндеп жоғарлайды, 13 сәуірде республикамыздың солтүстік жартысында термометр 10-18, ал оңтүстігінде 17-30 жылыға дейн көтеріледі.

Республика бойынша тұман басып, жел күшейіп, оңтүстік аймақтарда – шаңды дауыл тұрып, найзағай ойнайды, солтүстік жартысында көктайғақ болады.

Өзгелердің жаңалығы