Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Көлік министрі Марат Қарабаевқа алдағы мерекеде пойыз билеттері қымбаттай ма деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Теміржол тарифтерін көтеру жобасының билет бағасына еш қатысы жоқ. Ол тек жүк тасымалдайтын тарифтерге ғана байланысты. Жолаушылар тасымалдайтын пойыздардың билет бағасы ауыспайды. Келесі жылы да, алдағы мерекелерде де ешқандай өзгеріс болмайды. Баға қалыпты болады, - дейді ведомство басшысы.
Министрдің сөзінше, теміржол инфрқұрылымын жаңарту, жаңа вагондар мен локомотив сатып алу шығындары билет бағасына әсер етпейді.
1 қазаннан бастап жолаушылар пойызының бағасы қымбаттады. Одан басқа қымбаттау алдағы уақытта жоспарланып отырған жоқ. Баға тұрақты болады. Алдағы мерекелердің баршасында баға тұрақты болады, - деді Марат Кәрімжанұлы.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қарабаев еліміздегі вагон тапшылығын қалай шешетінін айтты. Министр пойыз вагондарының 61%-ы тозғанын да айтты. "Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев неге пойыздар жиі кешігетінін түсіндірді.