Елімізде пойыздар неге жиі кешігеді?

26 Қараша 2024, 15:44
1531
Бөлісу:
Елімізде пойыздар неге жиі кешігеді?
Фото: Total.kz

"Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев неге пойыздар жиі кешігетінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет отырысында Олжас Бектенов "Нұрлан Ермекұлы, соңғы уақытта тұрғындар тарапынан пойыздардың кешігуіне қатысты шағымдар көбейді. Қандай шаралар қабылдап жатырсыздар?" деп сұрақ қойды.

Біздің компанияда бұл мәселе ерекше бақылауда тұр. Осы жағдай жол жөндеу жұмыстары және жолаушылардың қауіпсіздігіне байланысты. Соңғы жылдары біз жол жөндеу жұмыстарын 2 есе көбейттік. Енді жолаушыларды жағдайға түсінікпен әрі кешіріммен қарауды сұраймыз, - деді Сауранбаев.

Еске салайық, бұған дейін Көлік министрі Марат Қарабаев еліміздегі пойыз вагондарының тапшылығын қалай шешетінін айтқан еді.

Сонымен қатар, министр туристік жолдардың жөнделетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы