Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, 28-30 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Еліміздің солтүстік, батыс және шығыс өңірлеріне ауысатын Солтүстік-Батыс циклонның әсерінен аталған аудандарда жаңбыр жауады, 29 маусымда Солтүстік өңірлерде, 30 маусымда шығыста қатты жаңбыр мен бұршақ жауып, жел тұрып, ауа температурасы шамалы төмендейді. Тек еліміздің батыс облыстарыда жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Оқи отырыңыз: