Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге, 24-27 қаңтарға арналған ауа айы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кең Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Тек елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен, жаяу бұрқасындатып, желдің күшеюімен қар жауады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда тұман түседі.