Алдағы күндері аяз беті қайтады

17 Қаңтар 2024, 14:35
13838
Бөлісу:
Алдағы күндері аяз беті қайтады
Фото: BAQ.KZ -архив

Қазақстан бойынша 2024 жылғы 18-20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның көптеген облыстарында ашық аязды ауа-райын анықтаған ауқымды антициклон бәсеңдей бастайды, осыған байланысты температуралық фонның біртіндеп көтерілуі және аздаған қар күтіледі. 

Ал елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын негізінен қар түрінде өтеді, көктайғақ күтіледі, боранмен жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда ел аумағында тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы