Алдағы күндері ауа температурасы 1 градусқа дейін төмендейді

3 Мамыр 2021, 21:11
1453
Бөлісу:
Алдағы күндері ауа температурасы 1 градусқа дейін төмендейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 4 мамыр күнгі ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 метр секунд болады деп болжанады. Қызылорда аласында күндіз шаңды дауыл соғады. 

Павлодар облысында түнде кей жерлерде солтүстіктен, екпіні 15-20 метр секунд  жел соғадысақталады. Павлодар қаласында түнде 4 мамырда солтүстіктен жел соғады. 

Ақмола облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 метр секун болады деп күтіледі. Түнде кей жерлерінде 3 градус үсік болады. Көкшетау қаласында түнде 1-3 градус үсік болады.

Нұр-Сұлтанда 1-3 градус, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 2 градус үсік болады. 

Өзгелердің жаңалығы