Алдағы күндері -32 градус аяз болады

27 Желтоқсан 2021, 12:21
1638
Бөлісу:
Алдағы күндері -32 градус аяз болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері  28-30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Солтүстік-Батыс циклоны елдің солтүстігіне, солтүстік-батысына және шығысына әсер етеді. 

Соның әсерінен  қар жауып, боран соғып, жел күшейеді.

Суық ауа массаларының басып кіруінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды және температура төмендейді, тек шығыс пен оңтүстік-шығыста ғана тұрақсыз ауа райы сақталады. 

Термометр бағандары түнгі уақытта республиканың солтүстік жартысында 25-32 градус аязға дейін, орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік және шығыс өңірлерде 10-18 градусқа дейін төмендейді

Өзгелердің жаңалығы