Алдағы күндері 30 градусқа дейін аяз болады

6 Желтоқсан 2021, 20:53
912
Бөлісу:
Алдағы күндері 30 градусқа дейін аяз болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет синоптиктері 7-9 желтоқсан күндері елімізде ауа райы 30 градусқа дейін аяз болатынын мәлемдеді.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінің тұрғындары нағыз қытымыр қысты сезінеді. Атлантикалық аймақтардан келген суық антициклон жылы оңтүстік циклоннан кейін жылдам қозғалады. Салқын ауа массаларының әсерінен ол жауын-шашынның тоқтатылуына және ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеледі.

7-8 желтоқсанда түнде еліміздің солтүстігі мен шығысында термометрлер  – 22-30 градусқа дейін төмендейді. Бірақ республиканың оңтүстік аймақтары Ираннан келетін жылы ауа массаларының қорғауында қалып, қатты суымайды, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы