Алдағы демалыста ауа райы қандай болады

3 Ақпан 2023, 14:00
1231
Бөлісу:
Алдағы демалыста ауа райы қандай болады
Фото: Арман Мухатов

Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге, 4-6 ақпанға арналған ауа айы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республиканың басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, елдің батысында, солтүстігінде және шығысында қар, ал оңтүстік аймақтарда жауын-шашын жауады, оңтүстік, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман және көктайғақ болады.

Кей өңірлерде желдің екпіні күшейеді. Елдің батысында түнде ауа температурасы 7-18, күндіз 3-8 аязға дейін аздап төмендеуі болжануда. 

Елдің солтүстік жартысында, орталығында және шығысында температура фоны өзгеріссіз қалады: түнде 15-26, күндіз 5-13 аяз болады. Оңтүстік аймақтарда түнгі уақытта ауа температурасы аз оң мәндерге жетеді, күндіз 2-10° С  жылы болады.

Өзгелердің жаңалығы