Алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

10 Қыркүйек 2021, 13:29
1779
Бөлісу:
Алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2021 жылдың 11-13 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын жария етті.

Апта соңында ел аумағының басым бөлігі, әлі де өтіп бара жатқан циклон жырасының ықпалында болады. Солайша елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында екпінді жел, оңтүстік-шығысында және шығысында найзағаймен жаңбыр жауады.

Содан кейін 12 қыркүйектен бастап Қазақстан аумағына Мәскеу аудандарынан суық антициклон ауысатын болады. Ол негізінен жауын-шашынсыз ауа райы мен түнде ауа температурасының батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталық пен шығыста минус мәндеріне дейін төмендеуіне әкеледі.

Республиканың батысында ауа температурасы түнде 1 градус аяз – 12 градус жылы, күндіз 15-27 градустан 20-30-ға дейін жылынады.

Солтүстік-батыста ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Түнде 3-13 градус жылыдан 3 аязға дейін төмендеп барып, 10 градусқа жылынады, күндіз негізгі фон - 12-23 градус жылы.

Солтүстікте және орталықта ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Түнде 3-13 жылудан 3 аяздан – 5 градусқа дейін болса, күндіз негізгі фон - 10-20 градус жылы.

Шығыста 5-13 градус жылудан 1 градус аязға дейін – 10 жылу, күндіз 17-25 градус шамасында.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 4-15 градус, күндіз 19-28 градус жылы болады.

 


Өзгелердің жаңалығы