Алдағы демалыс күндері аяздың беті қайта ма

16 Ақпан 2024, 14:46
24174
Бөлісу:
Алдағы демалыс күндері аяздың беті қайта ма
Фото: pixabay.com

Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 17-19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандардың болжамынша, Қазақстан аумағында арктикалық суық күндер әлі де тұрақтайды.

Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдайды суық және қарсыз арктикалық антициклон анықтайды. Онымен бірге аяз да сақталады. Тек 17 ақпанда еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттар өтіп, қар жауады. Таулы аймақтарда қалың қар жауады, тұман түседі, көктайғақ және жаяу бұрқасын болады деп күтілуде. Республиканың солтүстік және шығыс өңірлерінде температуралық фон түнде 30-38, күндіз 20-28 аяз күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 15-25-ке дейін, тауларда 30-35, күндіз 10-25 аяз болады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы